8—14 МАУСЫМ
ЕРЕМИЯ 4—6
56-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)
1. Рухани құлдырап кеткен яһудилер бізге сабақ болсын
(10 мин.)
Яһудилер жүректері қасарысқан әрі бүлікшіл халық болды (Ерм 4:4, 14; w13 15.3. 9, 10-б., 8, 9-абз.)
Ехоба яһудилерге рухани құлдырап кеткендерін айтты, бірақ олар мұны құлағына ілмеді (Ерм 5:31; jr 114-б., 2-абз.)
Ескертуіне құлақ аспағандықтан, Ехоба оларды жазалауды шешті (Ерм 6:17—19)
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Рухани құлдырап кетпеуім үшін не істеуім керек?”
Қандай да бір ауруға шалдықсаңыз, дәрігердің дұрыс диагноз қойып бергені маңызды емес пе? Сол кезде сіз уақытылы ем ала аласыз. Рухани аурумен де дәл солай
2. Рухани асыл тастар
(10 мин.)
Ерм 4:10. Қай мағынада Ехоба өзінің халқын алдады? (w07 1.4. 9-б., 4-абз.)
Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?
3. Киелі кітапты оқу
(4 мин.) Ерм 5:1—11 (th 5-сабақ)
4. Әңгіме бастау
(2 мин.) КӨПШІЛІК ОРЫНДАРДА УАҒЫЗДАУ. (lmd 2-сабақ, 3-тақырыпша)
5. Әңгіме бастау
(2 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. (lmd 1-сабақ, 3-тақырыпша)
6. Қызығушылықты арттыру
(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. Адам Киелі кітапқа сенбейтінін айтады. (lmd 3-сабақ, 3-тақырыпша)
7. Нанымдарымызды түсіндіру
(3 мин.) Көрініс. ijwfq 5-мақала. Тақырыбы: “Ехоба куәгерлері неге бұлай аталады?” (th 7-сабақ)
60-ән
8. Жалған ақпаратқа алданып қалмаңыз
(8 мин.) Талқылау.
Ежелгі Исраилде пайғамбарлар мен аян көретіндер құлаққа жағымды, бірақ жалған сөздер айтып, халықты алдаған (Иш 30:10; Ерм 5:31). Бүгінде де жалған ақпарат тарататындар тура солай істейді. Олай болса, жалған ақпаратқа алданып қалмас үшін не істесек болады?
“Жалған ақпараттан сақ бол” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:
Жалған ақпарат несімен қауіпті?
Дипфейк технологиясы деген не және неге ол жайлы білуіміз керек?
Ақпараттың рас-өтірігін қалай тексерсек болады? (Әп 12:11).
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: “Мен құлағыма жағатын ақпаратқа тез сеніп қаламын ба? Алдымен ақпараттың рас-өтірік екенін тексеріп алғаным жөн емес пе?”
Ғаламтордағы жаңалықтар мен әлеуметтік желілер біздің қызығушылығымызға сай ақпарат ұсынады. Сондықтан сенімді ақпарат көзін табу үшін жақсылап іздену қажет.
9. Жергілікті қажеттіліктер
(7 мин.)
10. Қауымда Киелі кітапты зерттеу
(30 мин.) lfb 92, 93-тараулар