Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb26 қаңтар 12—13 бет.
  • 16—22 ақпан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 16—22 ақпан
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2026)
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2026)
mwb26 қаңтар 12—13 бет.

16—22 АҚПАН

ИШАЯ 36, 37

150-ән және дұға | Алғы сөз (1 мин.)

ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА

1. “Олардың сөздерінен қорықпа”

(10 мин.)

Рабшақ Ехобаның халқын қорқыту үшін Иерусалимге барды (Иш 36:1, 2; w13 15.11. 19-б., 14-абз.)

Ол халықтың рухын басып, үмітін сөндіргісі келді (Иш 36:8; ip-1 387-б., 10-абз.)

Ол Ехоба мен патшаға сенім артқан халықты күлкі етті (Иш 36:7, 18—20; ip-1 388-б., 13, 14-абз.)

Рабшақ Иерусалим қабырғасының жанында күймесінен айқайлап тұр. Оның айтқанын қабырға үстіндегі сарбаздар тыңдап тұр.

Ехобаның халқы мазақтаушылардан қорықпайды (Иш 37:6, 7).

ОТБАСЫЛЫҚ ҒИБАДАТ ӨТКІЗГЕНДЕ... “Уа, Ехоба... өзіңе сенім артамын” ВИДЕОСЫН көріп, қандай сабақ алуға болатынын талқылаңыз.

2. Рухани асыл тастар

(10 мин.)

  • Иш 37:29. Ехобаның Сеннахирим патшаға “аузыңа ауыздық саламын” дегені нені білдіреді? (it “Ауыздық”, 4-абз.)

  • Осы аптадағы тараулардан қандай асыл тастар таптыңыздар?

3. Киелі кітапты оқу

(4 мин.) Иш 37:14—23 (th 2-сабақ)

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ

4. Әңгіме бастау

(3 мин.) ҮЙМЕ-ҮЙ УАҒЫЗДАУ. “Адамдарды сүйіңіз” кітапшасының А қосымшасындағы “Біз үйрететін шындықтардың” ішінен біреуін көрсетіңіз. (lmd 1-сабақ, 4-тақырыпша)

5. Әңгіме бастау

(4 мин.) БЕЙРЕСМИ КУӘЛІК БЕРУ. (lmd 3-сабақ, 5-тақырыпша)

6. Нанымдарымызды түсіндіру

(5 мин.) Көрініс. ijwbq 110-мақала, 1—4 абз. Тақырыбы: “Шомылдыру рәсімі деген не?” (th 17-сабақ)

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

118-ән

7. “Сен не нәрсеге сенім артасың?”

(15 мин.) Талқылау.

Әлдебіреу сізді Құдайға, Киелі кітапқа сенгеніңіз үшін не Ехоба куәгері болғаныңыз үшін кекетіп мазақтаған ба? Сол кезде не айтарыңызды білмей, қорқып кеткен шығарсыз. Немесе тіпті бойыңызға күмән ұялаған шығар. Осындайда не істесеңіз болады?

Ишая 36:4 оқыңыз. Сосын мына сұрақты қойыңыз:

  • Сенетін нәрселеріңіздің шындық екеніне көз жеткізу неге маңызды?

“Жастардың көзімен: Құдайға сену ақылға қонымды ма?” деген ВИДЕОНЫ көрсетіңіз. Сосын мына сұрақтарды қойыңыз:

  • Елибальдо мен Кристал сенімдерін нығайту үшін не істеді?

  • Құдайдың бар екеніне не нәрсе көзіңізді жеткізеді?

  • Келесі жайттардың шындық екеніне қай тармақ сенімділік береді:

    Ехоба сізді жақсы көреді

    Ехоба сізге көмектеседі

    Сіз Құдай халқының арасындасыз

Мектепте жас ер бауырлас адамның бас сүйегін ұстап, эволюция туралы айтып тұрған мұғаліміне қарап отыр. Сыныптағы басқа оқушылар қол көтеріп отыр.

Мен келесі жайттарға қатысты сенімімді нығайтқым келеді:

Сеніміңді нығайту үшін не істей аласың?

8. Қауымда Киелі кітапты зерттеу

(30 мин.) lfb 62, 63-тараулар

Қорытынды сөз (3 мин.) | 9-ән және дұға

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу