МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ата-аналар, балаларыңызға Ехобаны қуантуды үйретіңіздер
Жастар мен балалар Ехоба үшін өте бағалы. Ехоба олардың қалай рухани өсіп жатқандарын және табандылықтарын байқайды (С1ж 2:26; Лқ 2:52). Егер тәртіпті болса, кішкентай балақайлар да Ехобаны қуанта алады (Н.с 27:11). Ехоба ұйымы арқылы ата-аналарға көп көмек беріп жатыр. Соның арқасында олар балаларына Ехобаны жақсы көріп, оған мойынсұнуды үйрете алады.
“БАЛАЛАР, ТАБАНДЫ БОЛЫП, ЕХОБАНЫ ҚУАНТЫҢДАР!” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Қалай Ехоба жылдар бойы балалар мен жасөспірімдерге көмек пен бағыт-бағдар беріп келеді?
Ата-аналарға көмек болар қандай құралдар бар?
Жастар, сендер Ехобаның беріп жатқан құралдарының қандай пайдасын көрдіңдер?