Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb23 қыркүйек 7-б.
  • Құдай халқының игілігі үшін қам жейтін бағушылар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай халқының игілігі үшін қам жейтін бағушылар
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Ұқсас мәлімет
  • Ақсақалдардың көмегіне жүгінуден тартынбаңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Сүюші ақсақалдар күнә жасаған адамға мейіріммен қарайды
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Ер бауырластар, ақсақал болуға ұмтылып жүрсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Бағушылар, ең ұлы Бағушыларға еліктеңдер
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
mwb23 қыркүйек 7-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Құдай халқының игілігі үшін қам жейтін бағушылар

Көбісі билігі бар адамдар жайлы жақсы ойда емес. Бұл түсінікті-ақ. Тарих бойы адамдар биліктерін өз пайдасы үшін теріс қолданып келеді (Мих 7:3). Ал қауымда ақсақалдарымыз өздеріне берілген билікті Құдай халқының қамы үшін қолданатынына біз сондай ризамыз! (Ест 10:3; Мт 20: 25, 26)

Осы дүниедегі билік иелерінен айырмашылығы, ақсақалдар өз міндеттерін Ехобаны және оның халқын жақсы көргендіктен атқарады (Жх 21:16; Пт1х 5:1—3). Исаның қол астындағы бұл бағушылар әр жариялаушыға Ехобаның отбасында өзін жайлы сезінуге және оған жақын болып қалуға көмектеседі. Медициналық шұғыл көмек қажет болғанда не қандай да бір апат орын алғанда, бағушылар Ехобаның қойларына жігер беріп, көмек көрсетуге асығады. Егер сізге де көмек қажет болса, еш қысылмай, қауымыңыздағы ақсақалдардың біріне жолығыңыз (Жқ 5:14).

“Ехобаның отарын қамқорлайтын бағушылар” деген видеодан үзінді. Ақсақалдар Елиаспен құшақтасып амандасып жатыр.

“ЕХОБАНЫҢ ОТАРЫН ҚАМҚОРЛАЙТЫН БАҒУШЫЛАР” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Мариана ақсақалдар көрсеткен көмектің қандай игілігін көрді?

  • Елиас ақсақалдар көрсеткен көмектің қандай игілігін көрді?

  • Осы видеодағы оқиғаларға қарап, ақсақалдардың еңбегі жайлы не ойлайсыз?

Келесі жағдайларда ақсақалға өзіңіз жолығыңыз:

  • мекенжайыңыз не телефон нөміріңіз ауысса

  • қиын жағдайға тап болсаңыз

  • ұзақ уақытқа кетіп бара жатсаңыз

  • медициналық көмекке зәру болсаңыз не ауруханаға жатсаңыз

  • ауыр күнә жасап қойсаңыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу