Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb23 мамыр 5-б.
  • Экономикалық дағдарысқа дайынсыз ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Экономикалық дағдарысқа дайынсыз ба?
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Ұқсас мәлімет
  • Сіз дайынсыз ба?
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • “Соңғы күндердің” соңғы күндерінде дайын жүріңіз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Азаматтық толқуларға дайынсыз ба?
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
  • Шешімдеріңізден Ехобаға арқа сүйейтініңіз көрінсін
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
mwb23 мамыр 5-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Экономикалық дағдарысқа дайынсыз ба?

Әлемде болып жатқан жағдайлар дүниежүзі бойынша экономикалық тұрақсыздық тудырғанда, біз асып-саспаймыз. Өйткені біз соңғы күндердің соңында өмір сүріп жатқанымызды білеміз, сондай-ақ Киелі кітап бізді “тұрақсыз байлыққа” үміт артпауға шақырады (Т1х 6:17; Т2х 3:1). Экономикалық дағдарысқа дайын болу үшін Жосафат патшаның үлгісінен үйрене аламыз.

Жаулары қауіп төндіргенде, Жосафат Ехобаға сенім артты (Ш2ж 20:9—12). Сондай-ақ ол алдын ала дайындық шараларын жасап, бекіністі қалалар салды және әскери жасақтар орналастырып қойды (Ш2ж 17:1, 2, 12, 13). Жосафат сияқты, біз де Ехобаға сенім артуымыз және алдағы қиын уақыттарға дайындалуымыз қажет.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСҚА ДАЙЫН БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫЗ?

Рухани жағынан дайындалу. Қанағатшыл болуды және Ехобаға сенім артуды үйреніңіз, ол сіздің күнделікті қажетіңізді қамдай алады (Мт 6:26; Т1х 6:8). Сол қажеттіліктерді қамдау үшін ешқашан Киелі кітап принциптерінен аттамауға нық бекініңіз (Рм 2:21). Электр қуаты не интернет болмай қалған жағдайда Киелі кітап пен әдебиеттерді қайдан табатыныңызды ойластырып қойыңыз. Бірнеше әдебиетті баспа түрінде сақтаңыз. Сондай-ақ, мүмкін болса, әдебиеттердің электронды нұсқасын алдын ала жүктеп қойыңыз.

Материалдық жағынан дайындалу. Экономикалық қиындықтар басталмай тұрып, қарыздарыңыздан құтылыңыз және қажетсіз шығындарды азайтыңыз (Н.с 22:7). Мүмкін болса, азық-түлік пен басқа да керек заттарды қажет мөлшерде сатып алып қойыңыз. Бәлкім, ақша үнемдеу үшін жеміс-жидек пен көкөніс отырғызуды шешерсіз.

“АПАТТАРҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

“Апаттарға дайынсыз ба?” деген бейнероликтен бір үзінді: Үш шеңбердің ішінде Киелі кітап, рюкзак пен телефон, құрылыс жұмысшылары бейнеленген.
  • Апатқа дайын болу үшін әрбіріміз не істей аламыз?

“Апаттарға дайынсыз ба?” деген бейнероликтен бір үзінді: Апат кезінде көмек көрсетіп жүрген бауырластар құрылыспен және жүк түсірумен айналысып жатыр.
  • Басқаларға көмектесуге қалай дайын бола аламыз?

МАҚСАТ

Отбасылық ғибадатта 2022 жылғы “Ояныңдар!” журналының № 1 санын қарастырыңыз. Сондай-ақ апатқа дайын болу үшін тағы не істеуге болатынын талқылаңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу