Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb23 наурыз 3-б.
  • Апаттан кейін көрсетілетін көмек

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Апаттан кейін көрсетілетін көмек
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба куәгерлері табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесе ме?
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • Жапа шеккендерге көмек көрсету
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • 2023 жылы көрсетілген көмек. “Ехобаның сүйіспеншілігін өз көзімізбен көрдік”
    Садақаларыңыз қайда жұмсалады?
  • Қалай көмектесуімізге болады?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
mwb23 наурыз 3-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Апаттан кейін көрсетілетін көмек

Бүгінгі күні табиғи апаттар барған сайын жиілеп барады. Қандай да бір апат орын алса, көрсетілетін көмек жақсы жоспарланып, жақсы ұйымдастырылуы керек. Осы себептен де Басқарушы кеңес әрбір филиалда төтенше жағдайларда көмек көрсету бөлімін құрған.

Бұл бөлімдегі бауырластар апат жайлы естіген бойда жергілікті ақсақалдарға хабарласып, жариялаушыларға қандай көмек керек екенін анықтайды. Апаттың зардабы тым үлкен болып, жағдайды оңалтуға жергілікті бауырластардың шамасы жетпесе, филиал көмек көрсетуде жетекшілік ететін ер бауырластарды тағайындайды. Бұл бауырластар еріктілерді жинауы не қандай да бір заттарды садақа етуді сұрауы мүмкін. Я болмаса қажет заттарды өздері сатып алып, үлестіруі мүмкін.

Апат кезінде көмек көрсету осылай ұйымдастырылғанның арқасында бауырластардың еңбектері, ақшалары және дайындаған гуманитарлық көмектері далаға кетпейді. Мұндай жағдайлар жиі бауырластар өз беттерінше әрекет еткенде болып жатады.

Филиал тағайындаған ер бауырластар қанша қаражат, қанша ерікті керектігін анықтай алады. Сондай-ақ жергілікті билік өкілдерімен байланысады. Ал билік өкілдері жиі көмек көрсету жұмыстарын жылдамырақ атқаруға көмектеседі. Сондықтан жауапты бауырластар өтінбесе, өз бетімізше ақша жинап, гуманитарлық көмек жіберіп, апат орнына барудың қажеті жоқ.

Әрине, біз апаттан зардап шеккен бауырластарға көмектескіміз келеді (Ев 13:16). Өйткені оларды жақсы көреміз! Ендеше сол бауырластар үшін не істей аламыз? Бәрінен бұрын, олар үшін және оларға көмек көрсетіп жүрген бауырластар үшін дұға етсек болады. Тағы бір жолы — дүниежүзілік іске садақа жасай аламыз. Басқарушы кеңестің қарамағындағы филиалдар бұл қаражатты әсіресе қай жерлерге жіберу керектігін бәрінен де жақсы біледі. Ал егер өзіміз барып көмек көрсеткіміз келсе, онда “Жергілікті құрылыста ерікті қызмет етуге өтініш” (DC-50) қағазын толтырсақ болады.

“БРАЗИЛИЯДАҒЫ ЖОЙҚЫН СУ ТАСҚЫНЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

“Бразилиядағы жойқын су тасқыны” деген бейнероликтен бір үзінді. Жартылай судың астында қалған үйлер мен талдардың әуеден көрінісі.

2020 жылы Бразилияда болған су тасқыны кезінде Ехоба куәгерлерінің көрсеткен көмегі сізге қандай әсер қалдырды?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу