МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Балаңызға алға басуға көмектесіңіз
Мәсіхші ата-аналар балаларының Ехобаға қызмет етіп, өмірлері бақыт пен қанағатқа толы болғанын қалайды. Бұған қол жеткізу үшін олар бала тәрбиесінде Киелі кітап принциптерін қолданғандары маңызды (Н.с 22:6).
Балаларыңыз сізбен ашық сөйлесе алу үшін жағдай жасаңыз (Жқ 1:19).
Балаларыңызға жақсы үлгі көрсетіңіз (М5ж 6:6).
Рухани істерден қол үзбеңіз (Еф 6:4).
“МЫЗҒЫМАЙТЫН ҮЙ САЛАЙЫҚ: БАЛАЛАРДЫ “ТУРА ЖОЛҒА САЛЫП” ТӘРБИЕЛЕҢІЗДЕР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Ата-аналар қалай байсалды бола алады?
Ата-аналар Жақып 1:19-дағы принципті қалай қолданса болады?
Қиындықтар туындаған кезде ата-аналар не істей алады?