Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb22 шілде 3-б.
  • Жаңа қызмет жылына жаңа мақсат. Ізашарлық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жаңа қызмет жылына жаңа мақсат. Ізашарлық
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
  • Ұқсас мәлімет
  • Жаңа қызмет жылында талпынуға тұрарлық мақсат
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Ехобаның қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялаңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
mwb22 шілде 3-б.
Отбасында ата-анасы, қызы және әжесі бірге отырып кесте құрып жатыр.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ | ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ЖЫЛЫНА ЖАҢА МАҚСАТ

Ізашарлық

Рухани мақсаттарымыз бар болса, біз күшімізді ақылмен жұмсаймыз (Қ1х 9:26). Осы дүниенің ақырына дейін өте аз уақыт қалды. Мақсаттар бізге сол уақытты барынша тиімді пайдалануға көмектеседі (Еф 5:15, 16). Неге отбасылық ғибадат кезінде алдағы қызмет жылына мақсаттар қойып көрмеске? Жұмыс дәптерінің бұл санында бірнеше қолжетімді мақсаттар қарастырылады. Олар жайлы дұға етіп, ойлансаңыздар болады (Жқ 1:5).

Мысалы, бүкіл отбасының қолдауымен үйіңізде бір адам болса да тұрақты ізашар болып қызмет ете алатын шығар. Егер сағат нормасын орындай алмаймын деп уайымдасаңыз, жағдайы сіздікіндей ізашарлармен сөйлесіп көріңіз (Н.с 15:22). Біреуін отбасылық ғибадатыңызға шақырып, сұхбат алсаңыз болады. Сосын шамалап кесте құрып, соны жазып қойыңыз. Бәлкім, сіз бұрын ізашар болған шығарсыз. Ізашарлықты қайта бастауға қазір жағдайыңыз келе ме, жоқ па — соны саралап көріңіз.

Бәлкім, отбасыңыздың кейбір мүшелері бір я бірнеше ай қосалқы ізашар бола алатын шығар. Егер көп күшіңіз жоқтай сезінсеңіз, күнде аз-аздан қызмет етіп, қосалқы ізашар болып көрерсіз. Сіз жұмыс істегендіктен не оқығандықтан аптаның ішінде қызметке шыға алмасаңыз, онда мерекелері бар немесе бес сенбі мен жексенбісі бар айларды таңдаңыз. Күнтізбеге қай айларда қосалқы ізашар болып қызмет ететініңізді белгілеп, сол айға кесте құрып қойыңыз (Н.с 21:5).

“БАТЫЛ БОЛЫҢЫЗДАР! ІЗАШАРЛАР” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРІП, СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Ехоба Эмманы қалай қамқорлады және бұл оқиғадан не түйеміз?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу