Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb22 наурыз 9-б.
  • Онлайн достарымыз кім?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Онлайн достарымыз кім?
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
  • Ұқсас мәлімет
  • Әлеуметтік желінің тұзақтарынан сақ бол
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Ұйымымыздың веб-сайтын отбасылық және жеке зерттеу кезінде қолдан
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
  • Жақсы дос — асыл қазына
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Нағыз достарды қалай табуға болады?
    Ояныңдар! 2016
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
mwb22 наурыз 9-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Онлайн достарымыз кім?

Екі адам бір-біріне бауыр басып, қадіріне жетіп, құрметтеп тұрса, бұл — достықтың белгісі. Мысалы, Дәуіт Ғолиятты өлтіргеннен кейін, Жонатан екеуінің арасында шайқалмас достық орнады (С1ж 18:1). Екеуін бір-біріне тәнті қылған бойларындағы тамаша қасиеттер еді. Демек, екі адам бір-бірін жақсы таныса ғана олар айнымас дос бола алады. Әрине, адамды бір күнде тани алмайсың. Сондықтан оған уақыт керек, күш салу керек. Ал әлеуметтік желідегі достықты алсақ, адамдар тышқанды бір түртіп, дос бола салады. Онлайн араласқанда адам не айтатынын, өзін қалай ұстайтынын алдын ала ойластырып ала алады. Сөйтіп, ол сырт көзге жақсы көрініп, жаман жақтарын оп-оңай жасыра алады. Сондықтан онлайн достарды таңдағанда, белгілі бір талаптар орнатқан жөн. Дұрыс танымайтын адамдар дос болуға өтініш жіберіп жатса, “қабылдамасам ренжіп қалады-ау” деп қорқудың қажеті жоқ. Кейбіреулер әлеуметтік желінің кейбір қауіпті жақтарын білгендіктен, оны мүлдем пайдаланбауды шешкен. Ал әлеуметтік желілерді пайдаланамыз деп шешсек, нені есте ұстаған жөн?

“ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ АҚЫЛМЕН ҚОЛДАН” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • “Әлеуметтік желіні ақылмен қолдан” бейнеролигінен бір үзінді: Бір қыз теледидардан өзінің суреттерін көріп шошып тұр.

    Желіге суреттер салып, пікір жазар алдында нені ойлаған жөн?

  • “Әлеуметтік желіні ақылмен қолдан” бейнеролигінен бір үзінді: Дөрекі екі ер адам бір балаға желідегі суретті көрсетіп жатыр, ал бала көзін қолымен жауып тұр.

    Онлайн достарды неге ақылмен таңдау керек?

  • “Әлеуметтік желіні ақылмен қолдан” бейнеролигінен бір үзінді: Дөрекі екі ер адам бір балаға желідегі суретті көрсетіп жатыр, ал бала көзін қолымен жауып тұр.

    Әлеуметтік желіде отыратын уақытты неге нақты белгілеп алған дұрыс? (Еф 5:15, 16).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу