МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ата-анаңмен сөйлесе біл
Неге ата-анаңа ойыңды бүкпей, ашық айтқаның дұрыс? (Н.с 23:26). Негізі, Ехоба оларға сені бағып-қағып, тәрбиелеуді тапсырған (Зб 127:3, 4). Ал егер сен оларға ойыңды, уайымыңды айтпайтын болсаң, олар саған көмектесе алмайды ғой. Оның үстіне, олар өздерінің өмірден білген-түйгендерін саған үйрете алмайды. Сонда оларға барлық нәрсені айтуың керек пе? Жоқ, міндетті түрде емес. Бірақ, ең бастысы, оларды алдаушы болма және олар білуге тиіс жайттарды жасырма (Н.с 3:32).
Ендеше, ата-анаңмен қалай сөйлессең болады? Өзіңе де, оларға да қолайлы уақытты таңда. Бұл қиын болса, анаңа не әкеңе хат жазып, ой-сезімдеріңді ашық айтсаң болады. Ал ата-анаң сөйлескің келмейтін тақырыпта сөз қозғаса ше? Мұндайда олардың ниеті саған көмектесу екенін ұмытпа. Ата-анаңды қас емес, дос деп біл. Қиын болса да, ата-анаңмен ашық сөйлесуге талпынатын болсаң, мұның пайдасын өмір бойы, тіпті мәңгілік бойы көресің! (Н.с 4:10—12).
“ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН: АТА-АНАММЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕССЕМ БОЛАДЫ?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Эстер мен Партик нені түсінді?
Сен Исадан не үйрене аласың?
Ата-анаң сені ойлайтыны неден байқалады?
Ата-анаң саған тек жақсылық тілейді
Ата-анаңмен сөйлесуге Киелі кітаптағы қандай принциптер көмектеседі?