МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Адалдықтан тайғандарға еліктемеңіз
Қорах, Датан және Әбирам Ехобаның шарасына қарсы шығып, адалдықтарынан тайды. Ехоба бүлікшілерді жақтастарымен бірге жойып жіберді (М4ж 16:26, 27, 31—33). Қандай жағдайларда Ехобаға деген адалдығымыз сыналуы мүмкін? Киелі кітаптағы қандай мысалдар бізді адалдықтан тайғандарға еліктеуден сақтайды?
“АДАЛДЫҚТАН ТАЙҒАНДАРҒА ЕЛІКТЕМЕҢІЗ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Қандай жағдай Надя үшін сынақ болды және кімнің жаман үлгісінен ол сабақ алды?
Қандай жағдай ақсақалдардан көңілі қалған ер бауырлас үшін сынақ болды және кімнің жаман үлгісінен ол сабақ алды?
Қандай жағдай Теранс үшін сынақ болды және кімнің жаман үлгісінен ол сабақ алды?
Қандай жағдай оқушы ер бауырлас үшін сынақ болды және кімнің жаман үлгісінен ол сабақ алды?