Шомылдыру рәсіміне апарар жолдың қай жеріндесіз?
МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобаға қызмет етуге бел буыңыз
Жас жариялаушылардың бірі болсаң я Киелі кітапты зерттеп жүрген болсаңыз, шомылдыру рәсімінен өтуді мақсат еттіңіз бе? Неге шомылдыру рәсімінен өтуге талпынуыңыз керек? Бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту — Ехобамен ерекше қарым-қатынастың бастамасы (Зб 91:1). Сондай-ақ бұл қадамдар сіздің құтқарылуыңызға сеп болады (Пт1х 3:21). Осы мақсатқа жету үшін не істей аласыз?
Бұл жолдың ақиқат екеніне көз жеткізіңіз. Көкейіңіздегі сұрақтардың жауабын табу үшін қосымша ізденіңіз (Рм 12:2). Қай жағынан өзгеруіңіз керектігін анықтаңыз. Бірақ өзгерудегі ниетіңіз Ехобаның көңілінен шығу болсын (Н.с 27:11; Еф 4:23, 24). Үнемі оған дұға етіп, көмек сұрай беріңіз. Ехоба құдіретті киелі рухымен сізді қолдап, нығайтатынына сенімді болыңыз (Пт1х 5:10, 11). Осыларды істеуге күш салсаңыз, еш өкінбейсіз. Өйткені Ехобаға қызмет ету — ең керемет өмір жолы! (Зб 16:11).
“ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕ АПАРАР ЖОЛ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Шомылдыру рәсімінен өту үшін кейбіреулер қандай кедергілерден өтті?
Ехобаға бағышталу үшін сеніміңізді қалай өсіре аласыз?
Кейбіреулерді шомылдыру рәсіміне қажетті қадамдарды жасауға не талпындырды?
Ехоба оған қызмет етуді таңдағандарды қалай жарылқайды?
Бағышталу мен шомылдыру рәсімінен өту нені білдіреді?