МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ақ отауыңыз берік болсын!
Ехоба үшін неке анты аса маңызды. Ол ерлі-зайыптының бір-біріне “қатты жабысу” керектігін айтқан (Мт 19:5 сілт., 6). Құдай халқының ішінде үлгілі жұптар көп. Алайда кем-кетіксіз неке жоқ, қиындықтар міндетті түрде болады. Мына дүниеде жұбайлардың арасындағы қиындықтың шешімі бөлек тұру мен ажырасу деген түсінік кең тараған. Ал біз мұндай көзқарасқа жол бермеуіміз керек. Мәсіхші ерлі-зайыптылар шаңырағының іргесін берік ету үшін не істей алады?
Міне, маңызды бес қадам:
Жүрегіңізді қорғау үшін қылымсу, өнегесіз көңіл көтеру сияқты нәрселерден аулақ болыңыз, өйткені бұлар некеңізге тек сызат түсіреді (Мт 5:28; Пт2х 2:14).
Құдаймен достығыңызды нығайтыңыз және некеңізде оған ұнайтынды істеуге аянбай күш салыңыз (Зб 97:10).
Жаңа болмысқа ие болуды доғармаңыз, сондай-ақ жарыңыздың өмірін сәл де болса жеңілдету үшін кішігірім игі істер жасаңыз (Қл 3:8—10, 12—14).
Үнемі құрметпен сөйлесіп, мәнді де мағыналы әңгіме айтыңыздар (Қл 4:6).
Некелік борыштарыңызды нәзік сезіммен, сүйіспеншілікпен атқарыңыздар (Қ1х 7:3, 4; 10:24).
Некені қадірлеу — оған бастау берген Ехобаны қадірлеу.
“БІЗ “ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ЖҮГІРУІМІЗ” ҚАЖЕТ. ЖАРЫСТЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ БАҒЫНАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Некенің басы тәтті басталғанмен, қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
Махаббаты сөнгендей көрінетін некедегі жұбайларға Киелі кітап принциптері қалай көмектеседі?
Некеңіз бақытты болсын десеңіз, Киелі кітап принциптерін қолданыңыз
Ехоба некеге қатысты қандай ережелер орнатқан?
Неке баянды болу үшін жұбайлардың екеуінен де не талап етіледі?