Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb21 қаңтар 3-б.
  • Ата-аналар, балаларыңызға білім беріңіздер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ата-аналар, балаларыңызға білім беріңіздер
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Ұқсас мәлімет
  • Шаңырақ шаттығы (2-бөлім)
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • “Балалар — Ехобаның берген мұрасы”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Балалар — асыл мұрамыз
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
mwb21 қаңтар 3-б.
Ата-аналары балаларына өздерін қорғауды үйретіп жатқан кезде олар “Кет!” деп айтып үйренуде.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ата-аналар, балаларыңызға білім беріңіздер

Біз жақсыны жаман, жаманды жақсы етіп көрсететін әлемде өмір сүріп жатырмыз (Иш 5:20). Өкінішке қарай, кейбіреулер Ехоба жек көретін істерге барады, мысалы, бір жынысты адамдардың арасындағы өнегесіз әрекетке. Мектептегі құрбы-құрдастары немесе басқалар біздің алтын жастарымызды өздеріне қосылуға еліктіруі мүмкін. Ата-ана болсаңыз, балаларыңызды осындай сынақтарға қалай жақсылап дайындай аласыз?

Балаларыңызға Ехобаның нормаларын үйретіңіз (М3ж 18:3). Олардың жас шамасын ескере отырып, Киелі кітапта жыныстық қатынас жайлы не айтылғанын бірте-бірте түсіндіріңіз (М5ж 6:7). Былай деп ойланып көріңіз: “Мен балаларыма сезімдерін дұрыс жолмен білдіруді және қарапайым киінудің маңыздылығын үйреттім бе? Өзгелер олардың жеке кеңістігін сыйлау керектігін (мысалы, бала шомылғанда не киімін ауыстырғанда өзгелер қарамау керектігін) түсіндірдім бе? Әлдекім порнография көрсеткісі келсе не Ехоба дұрыс емес деп санайтынды істетуге тырысса, балаларым қалай әрекет ету керектігін біле ме?” Балаңызға алдын ала үйретсеңіз, оны пәледен сақтайсыз (Н.с 27:12; Уғ 7:12). Балаларыңызға осындай білім беру арқылы Ехобаның сізге берген асыл “мұрасын” жақсы көретініңізді көрсетесіз (Зб 127:3).

“МЫЗҒЫМАЙТЫН ҮЙ САЛАЙЫҚ: БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ “ЖАМАНДЫҚТАН” ҚОРҒАҢЫЗДАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • “Мызғымайтын үй салайық: балаларыңызды “жамандықтан” қорғаңыздар” деген бейнероликтен үзінді: анасы мен ұлы “Балаларыңды қорғаңдар” деген мультфильмді көріп жатыр.

    Неге кейбіреулер балаларына жыныстық тәрбие беруден тартынады?

  • “Мызғымайтын үй салайық: балаларыңызды “жамандықтан” қорғаңыздар” деген бейнероликтен үзінді: ата-анасы балаларымен “Ұлы Ұстаздан үйренейік” кітабы мен басқа да әдебиеттерді талқылап отыр.

    Неге ата-аналар балаларын “Ехоба айтқандай тәрбиелеп, оның ақыл-кеңесін беріп өсіру” керек? (Еф 6:4)

  • “Мызғымайтын үй салайық: балаларыңызды “жамандықтан” қорғаңыздар” деген бейнероликтен үзінді: Африкадағы ата-ана балаларымен тармақтарды оқып, талқылап отыр.

    Білім — қорғаныш

    Ата-аналар балаларына жыныстық тәрбие беру үшін Ехобаның ұйымы қандай көмек ұсынуда? (w19.05 12-б., қоршау)

  • Балаларыңыз қиындыққа душар болмай тұрғанда, неге олармен жүйелі түрде әңгімелескен жөн?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу