МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобаның жөнге салуын қолдағанымыз — сүйіспеншіліктің белгісі
Қауымнан шығару шарасы қауымды қорғайды әрі ісіне өкінбейтін адамды жөнге салады (Қ1х 5:6, 11). Ехобаның осылай жөнге салуын қолдасақ, сүйіспеншілік танытамыз. Бірақ қауымнан шығару шарасы оған қатысы бар адамдардың бәріне, жақын туыстары мен сот комитетіндегілерге де ауыр тисе, қалайша мұны сүйіспеншілік деуге болады?
Ең бастысы, біз Ехобаның беделін ойлап, оны сүйетінімізді және киелілікке қатысты нормасын жақсы көретінімізді көрсетеміз (Пт1х 1:14—16). Сондай-ақ бұл — қауымнан шығарылған адамға деген сүйіспеншіліктің белгісі. Қатаң түрде жөнге салынғаны адамға қатты тисе де, бұл “татулық пен әділдік жемісін” беріп жатады (Ев 12:5, 6, 11). Қауымнан шығарылған не одан бас тартқан адаммен араласатын болсақ, Ехобаның жөнге салуына кесірімізді тигіземіз. Есіңізде болсын, Ехоба өз халқын “тиісінше жөнге салады” (Ерм 30:11). Біз ол адам мейірімді Әкемізге қайта оралады деген үмітімізді үзбей, өз тарапымыздан Ехобаның жөнге салу шарасына қолдау көрсетіп, рухани істерді атқара береміз (Иш 1:16—18; 55:7).
“ЕХОБАҒА БАР ЖҮРЕГІМІЗБЕН АДАЛДЫҚ САҚТАЙЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Балалары Ехобаны тастап кеткенде, мәсіхші ата-ана нендей күй кешеді?
Адалдық сақтап жүрген отбасы мүшелерін қауым қалай демесе болады?
Киелі кітапта отбасымыздан гөрі Ехобаға деген адалдықтың күштірек болғаны маңызды екенін көрсететін қандай оқиға бар?
Қалай біз Ехобаға деген адалдығымызды отбасымызға деген адалдықтан жоғары қоя аламыз?