ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 37, 38
Киелі шатырдағы құрбандық үстелі мен ошағының таза ғибадаттағы рөлі
Киелі шатырдағы құрбандық үстелі мен ошағы Ехобаның нұсқауы бойынша жасалған, әрі олардың ерекше мәні болған.
Шеберлікпен әзірленіп түтетілген хош иісті зат іспетті, Ехобаның қызметшілерінің ұнамды дұғалары да оның көңіліне жағады.
Ехоба құрбандық ошағында ұсынылған түгел өртелетін құрбандықтарды қабыл алған. Бұл ошақтың қасиетті орынның алдында, яғни аулада орналасқаны Құдайға ұнамды болу үшін Исаның төлем құрбандығына сенім білдіруіміз керектігін есімізге салады (Жх 3:16—18; Ев 10:5—10).
Дұғаларымызды қалай Құдай алдындағы хош иісті тартудай әзірлей аламыз? (Зб 141:2)