ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 35, 36
Ехобаның ісін атқаруға қабілеттіміз
Ехобаның киелі рухы Беселиел мен Ахолияпты киелі шатырдың жобасын бүге-шігесіне дейін іске асыруға қабілетті етті. Ехоба бүгінгі қызметшілеріне де құдіретті киелі рухын береді. Оның игі әсерін көру үшін не істесек болады?
Ехобаға деген қызметте қабілеттерімізді шыңдай түсу үшін киелі рухын сұрап дұға етуіміз қажет.
Құдайдың Сөзінен тыңғылықты нәр алуымыз керек.
Берілген кез келген тапсырманы жан сала атқарғанымыз абзал.
Ехоба сізді қандай тапсырмаларға қабілетті ете алады?