ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 6, 7
“Енді сен перғауынға не істейтінімді көресің”
Мысырға он жаза жіберіп, исраилдіктерді құлдықтан азат етпес бұрын, Ехоба не істегелі жатқанын халқына айтты. Исраилдіктер алғаш рет Ехобаның ғаламат түрде танытқан құдіретіне куә болып, ал мысырлықтар Ехобаның кім екенін анық білмек еді. Құдайдың уәделері іске асқанда, исраилдіктердің сенімі бекіп, олардың Мысырдағы жалған діннің ықпалына қарсы тұруға деген шешімдері нығайды.
Киелі кітаптағы осы оқиға Құдайдың болашаққа қатысты уәделері орындалатынына сеніміңізді қалай бекемдеді?