МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау да, тәлім беру де қолыңыздан келеді!
Мұса алғашында Ехобаның берген тапсырмасын орындай алмаймын деп ойлады (М2ж 4:10, 13). Сізде де сондай ой болған ба? Ехоба куәгерлерімен Киелі кітап зерттеп жүрген болсаңыз, үйме-үй уағыздай алмаймын деп уайымдайсыз ба? Егер оқушы болсаң, мектепте куәлік беруге қорқақтап жүрсің бе? Мүмкін, телефон арқылы куәлік беруге не көпшілік орындарда уағыздауға батылыңыз бармайтын шығар. Солай болса, Ехобадан киелі рухыңмен қолдап-қуатташы деп дұғада сұраңыз (Пт1х 4:11). Ол өзі берген кез келген тапсырманы орындауға көмектесетініне бек сеніңіз (М2ж 4:11, 12).
“БАТЫЛ БОЛЫҢЫЗДАР! ЖАРИЯЛАУШЫЛАР” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Харука бауырластың қандай қиындығы болды?
Ол күш пен батылдықты қайдан алды? (Ерм 20:7—9)
Ол қызметте көбірек іс атқарғанының қандай пайдасын көрді?
Ехоба сізге қызметтегі қандай қиындықтарды жеңуге көмектесе алады?