ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 32, 33
Құдайдың батасы үшін күресіп жүрсіз бе?
Ехобаның батасына ие болғымыз келсе, Патшалықтың мүддесін басты орынға қоюға барынша тырмысуымыз керек (Қ1х 9:26, 27). Егде тартқан Жақып мәсіхшілік міндеттерімізді қандай көзқараспен атқаруымыз керектігін көрсетті. Ехобаның батасына талмай ұмтылатынымызды келесідей іс-әрекетімізбен көрсетеміз:
Қауым кездесулеріне тыңғылықты дайындалу
Уағызға үзбей шығу
Бауырластарға қолдан келгенше көмек беру
Жағдайыңыз қаншалықты қиын болса да, Ехобадан әрдайым көмек сұраңыз, сондай-ақ қызмет етуге барынша күш салып, батасын алуға тырысыңыз.
ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: Өмірімнің қай саласында Ехобаның батасын көру үшін көбірек күш салсам болады?