Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb20 ақпан 5-б.
  • Жұбайлар некені қалай берік ете алады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жұбайлар некені қалай берік ете алады?
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Ұқсас мәлімет
  • Ақ отауыңыз берік болсын!
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Той өткен соң
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Неке — сүйіспеншілікке толы Құдайдың сыйы
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
mwb20 ақпан 5-б.
Ыбырам мен Сарай Урдан кетуге дайындалып жатыр. Үлкен қап көтеріп тұрған Ыбырам себетке зат салып отырған Сарайды жігерлендіріп жатыр.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жұбайлар некені қалай берік ете алады?

Бір-бірін сүйіп, құрметтей білген Ыбырайым мен Сара жұбайлар үшін керемет үлгі қалдырған (М1ж 12:11—13; Пт1х 3:6). Десе де олардың некесі мінсіз болған жоқ, оларға да өмірдің тауқыметін көтеруге тура келді. Ерлі-зайыптылар Ыбырайым мен Сарадан не үйренсе болады?

Бірі-біріңізбен үнемі сөйлесіп тұрыңыздар. Жұбайыңыздың ашу үстінде айтқан сөздеріне жұмсақ жауап беріңіз (М1ж 16:5, 6). Бірге уақыт өткізу үшін жағдай жасаңыз. Сөзбен де, іспен де жұбайыңызды сүйетініңізді көрсетіңіз. Бәрінен бұрын зерттеу жүргізу, дұға айту және бірге бас қосып ғибадат ету арқылы екеуіңіз де Ехобамен қарым-қатынастарыңызды нығайтып отырыңыздар (Уғ 4:12). Іргесі берік некелер осы қасиетті одаққа бастама берген Ехоба Құдайымызға мадақ әкеледі.

“ШАҢЫРАҚ ШАЙҚАЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Осы қойылымдағы Шан мен Кераның арасы суи бастағаны неден көрінді?

  • Некеде өзара бүкпесіз пікір алысу неліктен ауадай қажет?

  • Ыбырайым мен Сараның үлгісі Шан мен Кераға қалай көмектесті?

  • Некедегі суыған көңілдерін қайта жандандыру үшін Шан мен Кера не істеді?

  • Күйеуі мен әйелі неліктен некелері мінсіз болады деп күтпеу керек?

Коллаж: “Шаңырақ шайқалмасын десеңіз” бейнеролигінен алынған суреттер. Шан мен Кера некелерін нығайту үшін күш салып жатыр. 1. Диванның екі шетінде отырған Шан мен Кера. 2. Бір-бірінің қолын ұстап отыр. 3. Екеуі бірге қуанышпен уағыздап жүр.

Некеңізді нығайту қолыңыздан келеді!

Некеңізді нығайтуға қатысты қосымша мәліметтерді “Ояныңдар!” журналындағы және jw.org® сайтындағы мына мақалалардан таба аласыз:

  • “Балалар есейіп, үйден кеткенде” (g17.4 10, 11-б.)

  • “Жұбайыңыздың тілін тауып сөйлесудің сыры неде?” (g16.3 10, 11-б.)

  • “Ашу-ызаны қалай тізгіндеуге болады?”

  • “Ойларыңыз бір жерден шықпағанда”

  • “Сыйластық” (g16.6 8-б.)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу