МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехоба қажетімізді біледі
Ехоба адал да ақылды құлға бағыт-бағдар беріп, солар арқылы рухани ас-суды “уақтылы” беріп жатыр. Бұл — Ехоба рухани қажетімізді біледі деген сөз (Мт 24:45). Біздің аймақтық конгрестеріміз бен апта ішінде өтетін кездесулеріміз соның кейбір дәлелі ғана.
“БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІНІҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Біз сүйсіне тыңдайтын дер кезіндегі конгрестер үшін марапат пен мадақ кімге тиесілі және неге?
Конгреске дайындық қанша уақыт бұрын басталады?
Конгрестің тақырыптары қалай таңдалады?
Конгрестермен байланысты қандай жұмыстар атқарылады?
Апта ішіндегі кездесуде зерттейтін мәліметтерді дайындағанда Ғалақат мектебіндегі зерттеу тәсілі қалай қолданылады?
Жұмыс дәптерін дайындау үшін түрлі бөлімдер қалай қызметтеседі?
Сіз Ехоба беріп жатқан рухани ас-суға ризасыз ба?