Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb19 тамыз 8-б.
  • Ехоба ерен еңбегімізді еш ұмытпайды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба ерен еңбегімізді еш ұмытпайды
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Ұқсас мәлімет
  • Бетелге қош келдіңдер!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Бетел деген қандай жер?
    Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
mwb19 тамыз 8-б.
Бетел асханасында жұмыс істейтін қыз бауырлас

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ехоба ерен еңбегімізді еш ұмытпайды

Ехобаның есінде мәңгілікке сақталатындай істер жасау оның әрбір қызметшісінің қолынан келеді. Баласын жанындай сүйетін ата-ана оның әрбір жетістігін өмір бойы бағалап өтетініндей, Ехоба да біздің қызметімізді және оның есіміне деген сүйіспеншілігімізді еш ұмытпайды (Мт 6:20; Ев 6:10). Әрине, бәрінің қабілеті мен өмірлік жағдайы бірдей емес. Сөйткенмен де Ехобаға барымызды салып қызмет етсек, ешқайсысымыз да қуаныштан кенде қалмаймыз (Ғл 6:4; Қл 3:23). Мәселен, көптеген жылдан бері мыңдаған бауырластар Бетелде еңбектеніп келеді. Сіз Бетелде ерікті қызмет атқара аласыз ба? Егер мүмкіндігіңіз болмаса, неге қызмет еткісі келетін бауырластарды жігерлендірмеске? Немесе қызметін талмай атқара беру үшін бетелдік бауырласқа қол ұшын созбасқа?

“БЕТЕЛДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРГЕН СОҢ, МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗДЕР:

  • Бетелде қызмет етуге не қозғау салу керек?

  • Бауырластардың айтуынша, бетелдік қызметтің қандай баталары бар?

  • Бетелде қызмет етемін деушілерге қандай талаптар қойылады?

  • Бетелдік қызметке арналған өтінішті толтыру үшін не істеу керек?

Үш бетелдік бауырлас компьютер арқылы бір жобамен айналысуда; ер бауырлас әдебиеттерді қорапқа салып жатыр; ер бауырлас Бетелде ағашты жонып жатыр

Бетелде қызмет ету үшін қойылатын талаптар:

  • Ехобаға және оның ұйымына деген терең сүйіспеншілік

  • Жоғары моральдық нормаларды ұстану және Ехобаның алдындағы таза ар-ұждан

  • Мәсіхшіге лайықты киім мен сырт көрініс (шаш үлгісі, бояну, жеке гигиена, т.б.)

  • Мәсіхшіге лайықты демалыс пен ойын-сауық түрін таңдау

  • Әдетте жасы 19—35 аралығында

  • Психикалық, эмоциялық күйі мен денсаулығы жақсы

  • Филиалдың негізгі тілінде еркін оқу, жазу, сөйлеу

  • Кем дегенде бір жыл қызмет етуге дайын болу

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу