МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехобаны сүйетін адамдармен бірге уақыт өткізіңіз
Неліктен Ехобаны жақсы көретін адамдармен уақыт өткізуіміз керек? Өйткені араласатын ортамыз бізге жақсы не жаман әсер етеді (Н.с 13:20). Мысалы, Жоғас патша бас діни қызметкер Еходаймен араласқан уақыттары “Ехобаның алдында ұнамды әрекет етіп жүрді” (Ш2ж 24:2). Ал Еходай қайтыс болғаннан кейін, Жоғас жаман ортамен араласып, Ехобаны тастап кетті (Ш2ж 24:17—19).
Б. з. бірінші ғасырында елші Пауыл мәсіхшілер қауымын “үлкен үйге”, ал қауым мүшелерін “ыдыстарға” теңеген. Егер Ехобаға ұнамсыз адамдармен, тіпті ол жақын туысымыз не бауырласымыз болсын, тығыз араласудан аулақ болсақ, “қадірмен тұтылатын” ыдыс болып қаламыз (Т2х 2:20, 21). Сондықтан Ехобаны сүйетін, әрі бізді оған қызмет етуге талпындыратын адамдармен дос бола берейік.
“ЖАМАН ОРТАДАН АУЛАҚ ЖҮРЕЙІК” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Өзіміз байқамай, қалай жаман ортамен араласып кетуіміз мүмкін?
Бейнероликтегі үш бауырласымызға жаман ортадан шығуға не көмектесті?
Араласатын ортаны даналықпен таңдауыңызға Киелі кітаптағы қандай принциптер көмектеседі?
Мен “қадірмен тұтылатын” ыдысқа жатамын ба? (Т2х 2:21)