МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Тәніңізге қадалған тікенге” қарамастан рухани жетістікке жете аласыз!
Қазіргі ерекше қиын уақытта Құдайдың барлық қызметшілері тікендей қадалған қиындықтардан жапа шегіп жүр (Т2х 3:1). Осы қиындықтарға төтеп беру үшін Ехобаға сенім артатынымызды іс жүзінде қалай көрсетеміз? “Зағиптардың көздері ашылады” деген бейнероликтен Талита мен ата-анасы бұл үшін не істеп жүргенін білейік. Сосын мына сұрақтардың жауабын табайық:
Талитаның “тәніне қадалған тікен” не?
Киелі кітаптағы үміт беретін қандай сөздер Талита мен әке-шешесінің еңсесін көтереді?
Талитаға ота жасатқаннан кейін, ата-анасы Ехобаға сенім артатындарын қалай көрсетті?
Талитаның жүрегіне Ехобаға деген махаббат ұялату үшін ата-анасы ұйымның құралдарын қалай қолданады?
Талита “тәніне қадалған тікенге” қарамастан рухани өркендеп жатқаны қалай байқалды?
Талита сізді қалай жігерлендірді?