МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехоба беретін білімге ұмтылыңыз
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Ұлы Тәлімгеріміз Ехоба бізге әлемдегі ең керемет білімді береді. Ол бізге өмірімізді жақсартудың жолдарын көрсетеді және болашақтағы таңғажайып өмірге дайындайды. Осының барлығын ол тегін үйретеді! (Иш 11:6—9; 30:20, 21; Аян 22:17). Ехобаның жүргізіп жатқан ағарту ісінің арқасында біз өмір беретін хабарды өзгелерге жеткізуді үйренеміз (Қ2х 3:5).
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Бойыңызда кішіпейілділік пен момындық сияқты қасиеттерді жетілдіре беріңіз (Зб 25:8, 9).
Ехоба сізге қазір беріп жатқан білімнің бар пайдасын көріңіз. Мысалы, апта ішіндегі кездесуде оқушылар тапсырмасын орындағанда.
Алдыңызға рухани мақсаттар қойып, соларға ұмтылыңыз (Фп 3:13).
Біліміңізді арттыра түсетін мектептердің талаптарына сай болу үшін қандай да бір нәрсені құрбан етуден аянбаңыз (Фп 3:8).
“ЕХОБАНЫҢ ТӘЛІМІ БІЗДІ РУХАНИ БАЙЫТТЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІДЕЙ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕҢІЗ:
Қандай ойлар бауырластарға Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепке баруға кедергі болмады?
Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептің оқушыларға тигізер пайдасы қандай?
Қауымдағы бауырластар оларға жаңадан тағайындалған жердегі қызметтерін атқаруға қалай жәрдемдесті?
Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепте оқығысы келетіндерге қандай талап қойылады? (kr 189-б.)
Ехобаның ұйымы ұсынатын тағы қандай оқуға ұмтылсаңыз болады?
Ехоба беретін білімге ұмтылсаңыз, қандай баталарға кенелесіз?