Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb19 сәуір 4—5 бет.
  • Еске алу кешіне қалай дайындаласыз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Еске алу кешіне қалай дайындаласыз?
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Ұқсас мәлімет
  • Ә12-А Исаның жердегі өмірінің соңғы аптасы (1-бөлім)
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • Ә12-Ә Исаның жердегі өмірінің соңғы аптасы (2-бөлім)
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • 2023 жылғы Еске алу кеші. Киелі кітапты оқу кестесі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • 2022 жылғы Еске алу кеші. Киелі кітапты оқу кестесі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
mwb19 сәуір 4—5 бет.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Еске алу кешіне қалай дайындаласыз?

Осы жылдан бастап, Еске алу кеші жұмыс күндеріне түссе, сол аптада “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” кездесуі болмайды. Ал демалыс күндеріне түссе, көпшілікке арналған баяндама мен “Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуі өткізілмейді. Демек, бізде Мәсіхтің өлімін еске алу кешіне дайындалуға көбірек уақыт болады. Сіз осы қосымша уақытты мейлінше тиімді пайдаланасыз ба? Мәселен, бірінші ғасырдағыдай, қауымда осы ерекше жиынға байланысты дайындық жұмыстары жасалуы тиіс (Лқ 22:7—13; km 3.15. 1-б.). Бұдан бөлек, барлығымыз осы кешке жүрегімізді дайындауымыз қажет. Бұл үшін:

  • осы кешке барудың мән-маңызына ой жүгіртіңіз (Қ1х 11:23—26)

  • Ехобамен қарым-қатынасыңыз жайлы ойланып, дұға етіңіз (Қ1х 11:27—29; Қ2х 13:5)

  • Еске алу кешінің мәнін жан-жақты ашатын жазба орындары мен Киелі кітапқа негізделген мәліметтерді оқып, ой қозғаңыз (Жх 3:16; 15:13)

Кейбір жариялаушылар “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” кітапшасындағы Еске алу кешіне қатысты Киелі кітап тармақтарын оқып, ой жүгіртеді. Кейбіреулер болса төмендегі кестеде келтірілген тармақтарды оқиды. Басқалары “Күзет мұнарасындағы” Еске алу кешіне және Ехоба мен Исаның бізге танытқан сүйіспеншілігіне қатысты бірсыпыра мақалаларды оқып шығады. Әдістердің қайсыбірін таңдасаңыз да, бұл сіздің Ехоба мен оның Ұлына жақындай түсуіңізге сеп болсын!

Исаның жердегі өмірінің соңғы аптасы (1, 2-бөлім)
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу