ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | РИМДІКТЕРГЕ 4—6
“Құдай бізге сүйіспеншілік танытты”
Ехоба сыйлаған төлем оның бүкіләлемдік билігі мен есімінің ақталуында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ төлемнің арқасында біз Құдайдың алдында қазірдің өзінде әділ бола аламыз, әрі болашақта тілалғыш адамдар мәңгі бақи бақытты ғұмыр кеше алады.
Төлемге деген ризашылығымызды қалай көрсете аламыз?
Бағышталу және шомылдыру рәсімінен өту арқылы төлемге сенетінімізді және Ехобаның меншігі болғымыз келетінін көрсетеміз
Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды уағыздау арқылы Ехоба сияқты барлық адамдарды сүйетінімізді көрсетеміз (Мт 22:39; Жх 3:16)
Ехоба берген төлемге деген ризашылығымды тағы қалай көрсете аламын?