ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 25, 26
Пауылдың императордың сотын талап етуі және Ирод Агриппа патшаға куәлік беруі
Біз “билеушілер мен патшалардың алдына” апарылғанда не айтамыз деп уайымдамауымыз керек. Дегенмен үмітіміз жайлы түсіндіріп беруді талап еткен кез келген адамның алдында “оны қорғап сөйлеуге дайын болғанымыз” абзал (Мт 10:18—20; Пт1х 3:15). Қарсыластарымыз “заңды пайдаланып пәлеге ұшыратуды ойлағанда”, қалай Пауыл сияқты әрекет ете аламыз? (Зб 94:20).
Ізгі хабарды қорғау үшін заңды құқықтарымызды пайдаланамыз (Е.і 25:11).
Өкілетті билік иелеріне құрметпен сөйлейміз (Е.і 26:2, 3).
Орынды болған жерінде, ізгі хабардың өзімізге және өзгелерге тигізген пайдасын айтып береміз (Е.і 26:11—20).