МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Сүйіспеншілік — шынайы мәсіхшілерді айрықшалайтын белгі. Өзімшіл және ашушаң болмайық
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Иса шәкірттері сүйіспеншіліктерімен айрықшаланатынын айтты (Жх 13:34, 35). Біз Мәсіхтікіндей сүйіспеншілік таныту үшін, өзгелердің қамын ойлауымыз және ашуға бой алдырмауымыз керек (Қ1х 13:5).
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Әлдекім сөзімен не ісімен көңіліңізге тисе, бір сәтке тоқтап, бұған не себеп болғаны жайлы ойланыңыз, әрі жауап қайтармай тұрып, мұның салдары қандай болатынын ойлаңыз (Н.с 19:11)
Бәріміз де пенде болғандықтан, кейде ойланбай сөйлейтінімізді не артынан өкінетін іс жасап қоятынымызды ұмытпаңыз
Келіспеушілікті тезірек шешуге тырысыңыз
“ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТАЙЫҚ” АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТІҢ “ӨЗІМШІЛ ЖӘНЕ АШУШАҢ БОЛМАЙЫҚ” ДЕГЕН БӨЛІГІН ҚАРАҢЫЗ. СОСЫН КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Томның айтқандарын Ларри қалай қабылдады?
Томға ашуға бой алдырмауға не көмектесті?
Томның жұмсақтықпен жауап қайырғанының нәтижесі қандай болды?
Біреудің сөзі не ісі қитығымызға тигенде, ұстамдылық танытқанымыздың қауымға қандай пайдасы бар?