МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Лұттың әйелін есте ұстайық”
Содомнан қашып шыққанда, Лұттың әйелі не үшін артына қарағаны жайлы Киелі кітапта ештеңе айтылмаған (М1ж 19:17, 26). Исаның сөздеріне қарағанда, ол артта қалдырған нәрселерін қимаған (Лқ 17:31, 32). Лұттың әйелі сияқты Ехобаның ықыласынан айырылып қалмау үшін не істеуіміз қажет? Жайлы өмірге ұмтылу өмірімізде басты орынға шығып кетпеу керек (Мт 6:33). Иса: “Құдайға және байлыққа бірдей қызмет ете алмайсыңдар”,— деген (Мт 6:24). Материалдық нәрселер рухани істерге кедергі жасап жатқанын байқасақ, не істеуіміз қажет? Мұндайда Ехобаға дұға етіп, қай жағынан өзгеруіміз қажет екенін көруге және батылдықпен өзгеріс жасауға көмектесуін сұрауымыз керек.
3 БӨЛІМНЕН ТҰРАТЫН “ЛҰТТЫҢ ӘЙЕЛІН ЕСТЕ ҰСТАЙЫҚ” ФИЛЬМІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Лұттың әйелін есте ұстайтынымды көрсетіп жүрмін бе?
Көп ақша табуға азғырылғанда, Глорияның ойы, сөзі мен әрекеті қалай өзгере бастады?
Лұттың әйелі бізге қай жағынан сабақ бола алады?
Джой мен оның отбасы Киелі кітап принциптерін қолданудың қандай пайдасын көрді?
Жұмысындағы әріптестері Аннаның рухани күйіне қалай әсер етті?
Өзгелер көп ақша табуға итермелегенде, бізге неге батылдық қажет болуы мүмкін?
Брайан мен Глорияға рухани істерді қайтадан бірінші орынға қоюға не көмектесті?
Бұл фильмнен Киелі кітаптың қандай принциптерін көре алдыңыз?