Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb18 маусым 7-б.
  • Әлеуметтік желінің тұзақтарынан сақ бол

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Әлеуметтік желінің тұзақтарынан сақ бол
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Ұқсас мәлімет
  • Онлайн достарымыз кім?
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
  • Желінің жасөспірімдерге зияны әлемді алаңдатуда
    Сан түрлі тақырыптар
  • Желі және жеткіншек. 1-бөлім: Балама әлеуметтік желіге рұқсат берейін бе?
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Денсаулық министрлігі әлеуметтік желінің жеткіншектерге тигізер кесірін ойлап уайымдауда. Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
mwb18 маусым 7-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Әлеуметтік желінің тұзақтарынан сақ бол

Иса тастарды нанға айналдырудан бас тартты

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ? Әлеуметтік желілердің пайдасы да, зияны да бар. Кейбір мәсіхшілер әлеуметтік желіні қолданбауды жөн көреді, ал басқалары отбасымен не достарымен араласу үшін қолданады. Шайтан біздің желіні орынсыз қолданып, оның абыройымыз бен рухани күйімізге кесірі тигенін қалайды. Бірақ біз қауіпті алдын ала көре біліп, олардан аулақ болу үшін Иса сияқты Құдай Сөзіндегі принциптерді қолдануымыз керек (Лқ 4:4, 8, 12).

ТҰЗАҚТАР:

  • Әлеуметтік желілерді тым көп қолдану. Желіге тым көп уақыт жұмсайтын болсақ, ол рухани істерге кететін бағалы уақытымызды ұрлауы мүмкін.

    Киелі кітап принциптері: Еф 5:15, 16; Фп 1:10

  • Жаман көріністер көру. Құмарлық оятатын көріністер көру порнографияға деген тәуелділікке не азғындыққа әкеп соғуы мүмкін. Ал жолдан тайғандардың мәліметтерін не блогтарын оқу сенімімізді шайқалтады.

    Киелі кітап принциптері: Мт 5:28; Фп 4:8

  • Желіге орынсыз суреттер салып, түсініктемелер жазу. Жүрек алдамшы болғандықтан, адам орынсыз суреттер салып, түсініктемелер жазуға азғырылуы мүмкін. Бірақ бұл абыройдан айырып, рухани құлдыратуы мүмкін.

    Киелі кітап принциптері: Рм 14:13; Еф 4:29

“ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ АҚЫЛМЕН ҚОЛДАН” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП, ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚАЛАЙ АУЛАҚ БОЛА АЛАТЫНЫҢДЫ ЖАЗЫП ҚОЙ:

Әлеуметтік желіден үй иелерінің демалысқа кеткенін біліп қойған ұры
Жұмыс беруші желідегі орынсыз суреттеріңді көріп жатыр
Желіде тұрпайы сөздерге ұрыну
Түнімен желіде отыру таңертең тұруды қиындатады
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу