Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb18 маусым 8-б.
  • Ата-ана, балаңыздың рухани күйі үшін еш аянбаңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ата-ана, балаңыздың рухани күйі үшін еш аянбаңыз
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Ұқсас мәлімет
  • “Балалар — Ехобаның берген мұрасы”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Ата-аналар, балаларыңды сүйіспеншілікпен тәрбиелеңдер
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Балаларыңызға Ехобаны сүюді үйретіңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Шаңырақ шаттығы (2-бөлім)
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
mwb18 маусым 8-б.
Жүсіп пен Мәриям дастарқан басында Иса мен басқа балаларына тәлім беріп отыр

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Ата-аналар, балаңыздың рухани күйі үшін еш аянбаңыз

Құдайдан қорқатын ата-аналар балаларының Құдайға адал қызмет етіп жүргенін қатты көргісі келеді. Бұл үшін олар Киелі кітаптағы шындықтарды балаларының жүрегіне кішкентай кезінен ұялатулары керек (М5ж 6:7; Н.с 22:6). Әрине, көп құрбандықтарға бару қажет болады. Бірақ бұл соған тұрады (Ж3х 4).

Ата-аналар үшін Жүсіп пен Мәриям жақсы үлгі. Олар көп күштері мен қаражаттарын сарп етсе де, “жыл сайын Иерусалимге Құтқарылу мейрамына баратын” (Лқ 2:41). Олар үшін отбасыларының Ехобаға жақын болғаны бәрінен де маңызды еді. Бүгінде де ата-аналар сөздері мен істері арқылы тәлім берудің әрбір мүмкіндігін пайдаланып, балаларын дұрыс жолға бағыттай алады (Зб 127:3—5).

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Исаның бауырлары рухани отбасында өссе де, Иса өліп, қайта тірілгенше оған сенбеген (Жх 7:5; Е.і 1:14). Кейін Жақып пен Яһуда деген екі бауыры өз аттарымен аталатын Киелі кітаптың екі кітабын жазған.

“ОЛАР ЕШБІР МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРМЕДІ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Йон мен Шэрон балаларын тәрбиелеп жүріп, Патшалық ісін қалай бірінші орынға қойды?

  • Неге ата-аналар әр баланың жүрегіне жол табуы қажет?

  • Ата-аналар балаларын сенімі сыналатын жағдайларға қалай дайындай алады?

  • Балаңызға рухани өсуге көмектесу үшін Ехобаның ұйымы шығарған қандай құралдарды қолданып жүрсіз?

Шиллер отбасы

Ехобаға қызмет етуді отбасында басты орынға қойыңыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу