ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МАРҚА 13, 14
Адам алдындағы қорқыныштың торына түсіп қалмаңыз
Неге елшілер сын сағатта адам алдындағы қорқынышқа бой алдырып қойды?
Олар өздеріне тым сенімді болды. Петір тіпті басқа елшілерге қарағанда Исаға әлдеқайда адал боламын деп ойлады.
Олар сергек болып, дұға етпеді.
Ісіне өкінген елшілерге Иса қайта тірілгеннен кейін адамдардан қорықпауға және қарсылыққа қарамай уағыздауға не көмектесті?
Олар Исаның ескертуіне мұқият ден қойды, сондықтан қуғын-сүргінге ұшырағанда, төбелеріне жай түскендей күй кешпеді.
Олар Ехобаға арқа сүйеп, дұға етті (Е.і 4:24, 29).
Қай кезде батылдығымыз сынға алынуы мүмкін?