МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Оларды Ехобаға үздіксіз қызмет етуге үйретіңіз
Тәжірибеден көрінетіндей, жаңа жариялаушыны ә дегеннен-ақ қызметке жүйелі түрде әрі құлшына атсалысуға үйретсе, одан жемісті жариялаушы шығары сөзсіз (Н.с 22:6; Фп 3:16). Зерттеушінің қызметіне қалай жақсы бастама беріп, жемісті болуына көмектесуге болады? Төменде бірнеше кеңес берілген:
Зерттеушіңіз жариялаушы бола салысымен, оны үйретуге кірісіңіз (km 8.15. 1-б.). Оған уағызға апта сайын қатысудың маңызды екенін ұғындырыңыз (Фп 1:10). Уағыздау учаскеңіз туралы жағымсыз пікір айтпаңыз (Фп 4:8). Топ бақылаушысымен және басқа да жариялаушылармен қызметтесіп, тәжірибе жинақтауға талпындырыңыз (Н.с 1:5; km 10.12. 6-б., 3-абз.).
Зерттеушіңіз шомылдыру рәсімінен өткен соң да, оған қолдау көрсетіп, уағыздауды үйрете беріңіз, әсіресе зерттеуші “Құдайдың сүйіспеншілігі” кітабын бітпеген болса осылай еткен жөн (km 12.13. 7-б.).
Жаңа жариялаушымен қызметке шыққанда, қарапайым ұсынысты қолданыңыз. Жариялаушы ұсынысты айтқан соң, оны шын жүректен мақтаңыз. Оған жақсара түсу үшін не істеуге болатынын айтыңыз (km 5.10. 7-б.).