Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp20 № 3 14—15 бет.
  • Жаратқанның мәңгілік шапағатына кенеліңіз!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жаратқанның мәңгілік шапағатына кенеліңіз!
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
  • Ұқсас мәлімет
  • Исаның кереметтері не туралы айтады?
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Иса жасаған кереметтердің қандай өнегелік мәні бар?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Иса адамдарды жақсы көрген
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Алланы асқақтатқан адал пайғамбарлар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2020
wp20 № 3 14—15 бет.
Түрлі ұлттың адамдары жержүзінде орнаған жұмақта қуана араласып жатыр.

“Жер өз өнімін береді, Құдай, біздің Құдайымыз, батасын төгеді” (ЗӘБҮР 67:6)

Жаратқанның мәңгілік шапағатына кенеліңіз!

Жаратушы Алла Ибраһим пайғамбарға оның бір ұрпағы арқылы “жер бетіндегі барлық халықтар” жарылқанатынын уәде еткен (Мұсаның 1-жазбасы 22:18). Сол ұрпақ кім болу керек еді?

Сол уәдесінен кейін көп ғасыр өте Алла Тағала Ибраһим пайғамбардың ұрпағы болған Ғайсаға таңғажайып кереметтер жасайтын құдірет дарытты. Сол кереметтер арқылы мына шындық ашылды: Ибраһим пайғамбарға берілген уәде Ғайса пайғамбар арқылы орындалмақ (Ғалаттықтарға 3:14).

Ғайса пайғамбар жасаған кереметтерге қарап, Алла Тағала адамзатты жарылқау үшін оны таңдағаны түсінікті болды. Сондай-ақ болашақта да Ғайса арқылы бүкіл адамзатты мәңгілік шапағатқа бөлейтіні анық болды. Ғайса пайғамбардың жасайтын кереметтерінен оның көркем мінезін байқауға болады. Солардың кейбірі қандай?

Кісі жанын түсінгіш: ол ауруларды сауықтырған

Бірде аса жұқпалы алапес деген дертпен ауыратын бір кісі Ғайса пайғамбарға келіп: “Қаласаңыз болғаны, мені айықтырып тазарта аласыз”,— деп жалбарынды. Сонда Ғайса пайғамбар оның сау жері қалмаған денесіне қолын тигізіп: “Қалаймын, тазар!”— деді. Сол сәтте ол алапесінен айықты (Марқа 1:40—42).

Мәрт: ол аш адамдарға тамақ берген

Адамдардың аш жүргені Ғайса пайғамбардың жанына бататын. Сондықтан ол сан мыңдаған адамды тамақтандыру үшін екі рет бірнеше нан мен балықты керемет түрде көбейткен (Матай 14:17—21; 15:32—38). Осылайша аш адамдар тойына жеді, тіпті көп тамақ артылып қалды.

Жанашыр: ол марқұмдарды тірілтті

Бір жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы қайтыс болды. Қарайтын ешкімі қалмаған бұл әйелге Ғайса пайғамбардың қатты жаны ашыды. Сондықтан Ғайса оның марқұм болған ұлына қайтадан өмір сыйлады (Лұқа 7:12—15).

ЖЕРГЕ ТӨГІЛЕР МӘҢГІЛІК ШАПАҒАТ

Ғайса пайғамбар көрсеткендей, Алла Тағаланың адамзатты жарылқауға құдіреті жетеді. Ғайса пайғамбар қайтып келемін деп уәде етті. Сол кезде Алла Тағала бүкіл жержүзінде одан да ұлы кереметтер жасау үшін оған бұрынғыдан да көп құдірет дарытады!

Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға берген уәдесін орындаған кезде жер беті қандай болады? Құдайды сүйетін және құрметтейтін жандар “жерді мұра етеді” және олар “керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:11). Сол кезде “енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).

Тыныштық орнаған жер бетінде мәңгілік бойы өмір сүру неткен ғанибет болмақ! Алла Тағала адамзатты басқа жағынан да жарылқайтын болады. Бұл жайында толығырақ мәлімет алу үшін www.jw.org сайтына кіруге шақырамыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу