МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Құдайға ұнамды қасиеттерді дамытайық: кішіпейілділік
НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
Кішіпейілділік Ехобамен жақын қарым-қатынаста болуға көмектеседі (Зб 138:6).
Кішіпейілділік басқалармен жақсы қарым-қатынаста болуға септігін тигізеді (Фп 2:3, 4).
Көкіректік адамды күйретеді (Н.с 16:18; Езк 28:17).
ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ?
Өзгеден кеңес сұрап, оған құлақ асыңыз (Зб 141:5; Н.с 19:20).
Төмен саналатын жұмысты істеуге асық болыңыз (Мт 20:25—27).
Қабілеттеріңіз не жауапкершіліктеріңіз сізді менмен етіп жібермесін (Рм 12:3).
Қалай кішіпейілділікті көбірек таныта аламын?
“АДАЛДЫҚТАН АЙНЫТАТЫН НӘРСЕЛЕРДЕН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ: ӨРКӨКІРЕКТІКТЕН” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, ТӨМЕНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Кеңесті қалай қабылдайтынымыздан кішіпейілділігіміз қалай көрінеді?
Кішіпейілділікті дамытуға дұға қалай көмектеседі?
Кішіпейілділік танытудың кейбір жолдары қандай?