МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ізгі хабарды қуанышпен уағыздайық
Сізге уағыздау қиынға соққан кездер болған ба? Көбіміз “иә” деп жауап беретін шығармыз. Өйткені аумағымызда жиі немқұрайдылыққа не өшпенділікке кезігетін болармыз. Немесе өзге адамдармен сөйлесуге қорқатын шығармыз. Әрине, бұның бәрі бізді қуанышымыздан айырады. Алайда біз бақытты Құдайға қызмет етеміз. Ол қызметімізді қуанышпен атқарғанымызды қалайды (Зб 100:2; Т1х 1:11). Уағыздаудан қуаныш табуға көмектесетін үш себепті қарастырайық.
Біріншіден, біз үміт беретін хабарды жариялап жүрміз. Бүгінде көп адамдардың еш үміті жоқ. Біз айтып жүрген “жақсылық жөніндегі хабар” олардың жүрегіне жылы тиюі мүмкін (Иш 52:7). Құдай Патшалығы туралы ізгі хабар біздің де жүрегімізді қуанышқа толтырады. Уағызға шығар алдында Құдай Патшалығы жер бетіне қандай баталар әкелетіні жөнінде ой жүгіртіңіз.
Екіншіден, біз уағыздап жүрген ізгі хабар адамдарға тәндік әрі рухани жағынан пайдасын тигізеді. Олар жаман әдеттерін тастап, мәңгі өмір сүру үмітіне ие болады (Иш 48:17, 18; Рм 1:16). Біз өзімізді құтқару қызметінде жүргендей елестетсек болады. Кейбір адамдар құтқарылғысы келмесе де, біз құтқарылғысы келетіндерді іздей береміз (Мт 10:11—14).
Үшінші әрі ең басты себеп — біздің уағыздағанымыз Ехобаға мадақ әкеледі. Ол біздің еңбегімізді жоғары бағалайды (Иш 43:10; Ев 6:10). Бұған қоса, Ехоба осы істі атқаруымыз үшін киелі рухын молынан береді. Ендеше, киелі рухтың жемісі болып табылатын қуаныш қасиетін сұрап, Ехобаға дұға етіңіз (Ғл 5:22). Ехобаның көмегімен біз уайымнан арылып, батылдықпен уағыздай аламыз (Е.і 4:31). Сонда аумағымыздағы адамдар қалай қараса да, өзімізге тапсырылған істен қуаныш ала береміз (Езк 3:3).
Қызметте жүргенде қандай ой қалып танытқыңыз келеді? Өзіңіздің қуанышты екеніңізді қалай көрсете аласыз?
“ЗЕРТТЕУ МЕН ОЙ ЖҮГІРТУ АРҚЫЛЫ ҚУАНЫШЫҢДЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫР” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРІҢІЗ. СОСЫН КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Ай сайын уағыздауға көп уақыт арнап жүрсек те, неге рухани ас-су қабылдауды басты орынға қоюымыз керек?
Біз Мәриямға қай жағынан еліктеуіміз керек?
Құдай Сөзі жайлы ой жүгіртуге қай кезде уақыт бөлесіз?
Ізгі хабарды уағыздағанда не нәрсе сізге қуаныш сыйлайды?