ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕРЕМИЯ 12—16
Исраил Ехобаны ұмытты
Яһуда мен Иерусалимнің қыңыр әрі көкірек халқын жазалау үшін Ехоба Еремияға күрделі бір тапсырма берді
Еремия зығырдан тоқылған белбеу сатып алды
Белге байланған белбеу Ехоба мен оның халқының арасында болуы мүмкін өте жақын қарым-қатынасты бейнеледі
Еремия белбеуді Евфрат өзеніне қарай алып кетті
Ол белбеуді бір жартастың жарығына жасырып, Иерусалимге қайтып келді
Еремия белбеуді қайтып алу үшін Евфрат өзеніне қайтып барды
Белбеу шіріп кетіпті
Еремия тапсырманы орындап болған соң, Ехоба мұның мәнін ашты
Еремия бір қарағанда мән-мағынасыз көрінген істе шын жүректен мойынсұнғанының арқасында Ехоба өз халқына маңызды бір шындықты көрнекі түрде түсіндіре алды