МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
“Мен бармын! Мені жібер!”
Ишаяның дайындық рухы — еліктеуге тұрарлық керемет рух. Ол барлық жайтты түгел білмесе де, сенім танытып, қажеттілікке бірден үн қатты (Иш 6:8). Сіз де Патшалықтың жариялаушыларына көбірек қажеттілік бар жерде қызмет ету үшін өзгерістер жасай аласыз ба? (Зб 110:3). Әрине, ондай жерге көшіп бару үшін “шығынды есептеп алғанымыз” маңызды (Лқ 14:27, 28). Дегенмен уағыздау ісі үшін құрбандықтарға баруға дайын болуымыз керек (Мт 8:20; Мр 10:28—30). “Қажеттілік бар жерге көшіп бару” деген бейнероликтен көретініміздей, Ехобаға қызмет еткенде кенелетін баталарымыз барған құрбандықтарымыздан әлдеқайда асып түседі.
БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:
Эквадорда қызмет ету үшін Уильямстар отбасының әрбір мүшесі қандай құрбандықтарға барды?
Қай жерде қызмет етуді шешкенде, олар қандай жайттарды ескерді?
Олар қандай баталарға кенелді?
Қай жерде қажеттілік бар екені жайлы мәліметті қайдан біле аласыз?
КЕЛЕСІ ОТБАСЫЛЫҚ ҒИБАДАТ КЕЗІНДЕ МЫНА СҰРАҚТАРДЫ ТАЛҚЫЛАП КӨРІҢІЗДЕР:
Отбасы болып қызмет аясын қалай кеңейте аламыз? (km 8.11. 4—6 б.)
Қажеттілік бар аумақта қызмет ете алмасақ, жергілікті қауымға қалай көмектесе аламыз? (w16.03 3—5 б.)