МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Кем дегенде бір жыл атқара аласыз ба?
Нені атқару керек? Тұрақты ізашарлық қызметті. Сонда көл-көсір батаға кенелесіз! (Н.с 10:22).
ЕГЕР ІЗАШАР БОЛСАҢЫЗ...
уағыздау шеберлігіңіз артады әрі қызметтен көбірек қуаныш аласыз
Ехобамен қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Ол жайлы өзгелерге айтқан сайын, оны қастерлеуге талпындыратын қасиеттерін еске түсіресіз
Патшалықтың мүддесін өзіңіздікінен жоғары қоюдан қанағат аласыз әрі беруден келетін қуанышқа бөленесіз (Мт 6:33; Е.і 20:35)
аудандық бақылаушының сапары кезінде болатын ізашарлар кездесуіне, аудандық конгрестің алдында өткізілетін арнайы кездесуге және Ізашарлық қызмет мектебіне қатыса аласыз
Киелі кітап зерттеу сабақтарын бастауға және жүргізуге мүмкіндігіңіз көбейеді
басқа жариялаушылармен көбірек уақыт өткізіп, өзара жігерлене аласыздар (Рм 1:11, 12)