“Көргеніңмен емес, сеніміңмен өмір сүр”
Иерусалим қоршауға алынып, қирар алдында елші Пауыл мәсіхшілерге хат жазды. Хатында оларды Мәсіхтің жақсы сарбазы ретінде қиындық көруге дайын болып, жайлы өмір мен қызық қууды алғы шепке шығармауға шақырған (Тім. 2-х. 2:3, 4). Осы құдайсыз дүниеге апат төніп тұрғандықтан, рухани істерді назарымызда ұстау үшін бізге берік сенім қажет (Қор. 2-х. 4:18; 5:7). “Көргеніңмен емес, сеніміңмен өмір сүр” фильмін көріп шық (jw.org/kk сайтындағы БАСЫЛЫМДАР > БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР деген санатты қара). Сосын Нахам мен Абиталдың дүние-мүлікке байланып қалғаны олар үшін қалай тұзақ болып, түбіне жеткеніне көңіл аудар. Содан кейін төмендегі сұрақтарға жауап беріп көр.
1) Бірінші ғасырда “қасиетті орында тұрған” жеркенішті нәрсе нені білдірді және Иерусалимдегі мәсіхшілерге қандай шұғыл әрекет жасау керек еді? (Мат. 24:15, 16). 2) Неге қаладан қашу үшін сенім қажет болды? 3) Қашу үшін қандай құрбандықтарға бару керек еді? 4) Неге Нахам мен Абитал кетпей жүріп алды? (Мат. 24:17, 18). 5) Иерусалимнен кетіп бара жатқанда, Рахиланың сенімі тағы қалай сыналды? (Мат. 10:34—37; Мар. 10:29, 30). 6) Қалай Ефам сенімнің және Ехобаға арқа сүйеудің керемет үлгісін көрсетті? 7) Пелла қаласындағы мәсіхшілер қандай қиындықтарға кезікті? 8) Нахам мен Абиталдың сенімі қалайша біртіндеп әлсірей бастады? 9) Пеллада тұратын мәсіхшілердің қамын Ехоба қалай ойлады? (Мат. 6:33; Тім. 1-х. 6:6—8). 10) Осы дүниенің соңы жақындаған сайын, біз қалай Ыбырайым мен Сараға еліктей аламыз? (Евр. 11:8—10). 11) Нахам мен Абитал Иерусалимге оралу үшін өздерін не нәрсеге сендірді және неге олардың бұл ойы жаңсақ еді? (Лұқа 21:21). 12) Нахам мен Абитал Иерусалимге қайта оралғанда, ондағы жағдай шын мәнінде қандай еді? 13) Неге біз сенімімізді қазір, яғни осы дүниенің соңы келмей тұрып нығайтуымыз керек? (Лұқа 17:31, 32; 21:34—36).
Сеніммен өмір сүру деген: 1) Ехобаның басшылығына сенім артуды; 2) оның басшылығына сай әрекет етуді және 3) рухани нәрселерді дүние-мүліктен жоғары қоюды білдіреді. Ендеше, сеніммен өмір сүруге бекініп, “осы дүние мен оның қалауы өтеді де кетеді, ал Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді” деген сөздерге сенім артайық (Жох. 1-х. 2:17).