Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2015 жылдың 28 желтоқсанынан басталатын аптада қарастырылады. Жариялаушылар апта сайын мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізе алу үшін, әр сұрақтың қасына қай аптада талқыланатыны көрсетілді.
Кейбіреулер ойлайтындай, Шежірелер 1-жазба 20:3-те Дәуіт тұтқындарына жауыздық көрсетті деп расында да айтылған ба? [2 қар., w05-U 15.2. 27-б.]
Дәуітті жомарттық танытуға не талпындырды және бізге де жомарт болуға не көмектеседі? (Шеж. 1-ж. 22:5) [9 қар., w05 1.10. 11-б., 7-абз.]
Дәуіт Сүлейменге: “Әкеңнің Құдайын танып-біл”,— дегенде не айтқысы келген? (Шеж. 1-ж. 28:9) [16 қар., w10-U 1.11. 30-б., 3, 7-абз.]
Сүлейменнің Шежірелер 2-жазба 1:10-да жазылған тілегінен ол туралы не білеміз және жеке дұғаларымызды саралау арқылы не білуімізге болады? (Шеж. 2-ж. 1:11, 12) [23 қар., w05 1.11. 9-б., 6-абз.]
Шежірелер 2-жазба 6:29, 30-ға сай, Ехобаның қандай бірегей қабілеті бар және неліктен біз оған ішіміздегіні ақтарып дұға етуіміз керек? (Зәб. 55:22) [30 қар., w10-U 1.12. 11-б., 7-абз.]
Жаудың қалың қолын жеңуді сұрап дұға етуге Асада қандай негіз болды және рухани соғысымызға қатысты не нәрсеге сенімді бола аламыз? (Шеж. 2-ж. 14:11) [7 желт., w12 15.8. 8-б., 6-абз.—9-б., 1-абз.]
Жосафаттың қателіктеріне қарамастан Ехобаның оған деген көзқарасы бізді Құдайдың сүйіспеншілігіне қалай сендіреді және өзгелерге деген көзқарасымызға қалай әсер ету керек? (Шеж. 2-ж. 19:3) [14 желт., br1 15.6. 22-б., 13-абз.; cl 245-б., 12-абз.]
Бүгінде неге және қалай біз “тек сол жерге барыңдар да, тапжылмай тұрыңдар” деген нұсқауды орындауымыз керек? (Шеж. 2-ж. 20:17) [21 желт., w05 1.11. 11-б., 3-абз.; w03 1.8. 28-б., 15, 16-абз.]
Шежірелер 2-жазба 21:20-да Жорамның өліміне қатысты қандай маңызды ескерту бар? [21 желт., w98-U 15.11. 32-б., 4-абз.]
Шежірелер 2-жазба 26:5-ке сай, жас Ұзияхқа кім жақсы әсер етті және бүгіндегі жастар қауымдағы толысқан мәсіхшілердің тәжірибесінің игілігін қалай көре алады? [28 желт., w07-U 15.12. 10-б., 2, 4-абз.]