Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Адамға Киелі кітапты тыңғылықты зерттеуді үйретейік
Бұл неліктен маңызды? Рухани толысу үшін Киелі кітапты зерттеп жүрген адамға санасы мен жүрегін Құдай Сөзінің тек бастапқы ілімдерімен нәрлендіру жеткіліксіз (Евр. 5:12—6:1). Ол тыңғылықты зерттеу жүргізуі керек. Бұған, мысалы, жаңа мәліметті бұрыннан білетіндерімен байланыстыра білу және оны өмірде қалай қолдану керектігін көре білу жатады (Нақ. с. 2:1—6). Киелі кітапты зерттеп жүрген адам ізденіс жасауды үйренсе, Киелі кітапқа қатысты сұрақтарға әдебиеттеріміздің көмегімен жауап бере алатын болады. Ал білгендерін өмірде қолдануға барынша күш салатын болса, мәсіхшілер кездесетін қиындықтарға төтеп беруге дайын болады (Лұқа 6:47, 48).
Осы айда былай етіп көр:
Тақырыпшаның не тараудың соңында адамнан білгендерін бір-екі ауыз сөзбен айтып беруін өтін. Ал егер зерттеу сабағың болмаса, оқыған Киелі кітап үзіндісін не “Күзет мұнарасының” бір абзацын қысқаша баяндап жаттық. Бұл мәтінді түсініп оқуды үйренуге көмектеседі.