Ұсыныс үлгілері
“Күзет мұнарасы” 1 қазан
“Біз адамдарды мынадай қызықты журналмен таныстырып жүрміз. [Мұқабасын көрсет.] Кейбір адамдар Құдайға сиынып-тіленудің еш пайдасы жоқ, өйткені ол өтініштерімізді тыңдамайды деп ойлайды. Басқалары болса, өтініштері Құдайдың құлағына шалынады деп сенеді. Ал сіз қалай ойлайсыз? [Жауабын күт.] Киелі кітапта Құдайға жалбарыну жайлы не делінгеніне назар аударыңызшы. [Ишая 30:19 оқы.] Бұл журналда Құдайдың біздің орынды өтініштерімізді тыңдап қана қоймай, оларға жауап беретіні жайлы түсіндіріледі”.
“Ояныңдар!” (ор.) Қазан
“Адамдар қатты қиналғанда: “Құдай-ау, не жаздым саған?”— деп айтып жатады. Қалай ойлайсыз, осылай деп айту дұрыс па? [Жауабын күт.] Білесіз бе, кезінде Әйүп пайғамбардың өзі қатты қиналғанда, күйініп Құдайға осы сияқты сұрақтар қойғысы келген. [Әйүп 23:3—5 оқы.] Бірақ Жаратушымыз адамдар осындай сұрақ қойғанда жазғырмайды екен, қайта жауап береді. Мына журналда адамдардың, мүмкіндігі болса, Құдайға қойғысы келетін үш сұрағы қарастырылады. Сондай-ақ сол сұрақтарға Киелі кітаптан көңілге қонымды жауаптар беріледі”.