Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Іскерлер аумағында уағыздау
Бұл неліктен маңызды? Көп адам уақыттарының басым бөлігін жұмыста өткізетіндіктен, оларға Патшалық хабарын жеткізудің ең жақсы жолы — жұмыс орындарына барып уағыздау. Іскерлер аумағындағы уағыз қызықты да нәтижелі болып жатады, себебі адамдарды өз орындарынан таба аламыз. Сондай-ақ олар бізді тұтынушы ретінде қарастыратындықтан, мейлінше сыпайылық танытады. Мұндайда нәтижелі куәлік ету үшін жариялаушылар парықты болуы, сондай-ақ киіну мен сәндену жағынан үлгілі болуы керек (Қор. 2-х. 6:3). Сол себепті қызмет бақылаушысы іскерлер аумағын кімнің өңдейтінін және қаншалықты жиі өңделетінін мұқият бақылауы қажет.
Осы айда былай етіп көр:
Іскерлер аумағында уағыздайтын болсаңдар қандай ұсыныс қолданатындарыңды келесі отбасылық ғибадат кешінде айтып жаттығыңдар.