Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2015 жылдың 31 тамызынан басталатын аптада қарастырылады.
Сүлеймен патшаның дұғасынан Ехоба Құдай туралы сенімді нығайтатын қандай шындықты білеміз және олардың үстінен ой жүгірткеніміздің қандай пайдасы бар? (Пат. 1-ж. 8:22—24, 28). [6 шіл., w05 1.7. 20-б., 8-абз.]
“Жүрегі мінсіз” делінген Дәуіттің үлгісі неліктен бізді жігерлендіреді? (Пат. 1-ж. 9:4). [13 шіл., w12 15.11. 7-б., 18, 19-абз.]
Ехоба Ілиясты сарепталық жесірге жібергені туралы оқиғадан не нәрсеге үйрене аламыз? (Пат. 1-ж. 17:8—14). [27 шіл., w14 15.2. 14-б.]
Қалай Патшалар 1-жазба 17:10—16 тармақтарда жазылған оқиғаның үстінен ой жүгірткеніміз Ехобаға толықтай сенім артуға көмектеседі? [27 шіл., w14 15.2. 13—15 б.]
Ілиястың мысалы жағымсыз сезіммен күресуге қалай көмектеседі? (Пат. 1-ж. 19:4). [3 там., ia-U 102, 103–б., 10—12 абз.; w14 15.3. 15-б., 15, 16-абз.]
Адал қызметшісі Ілиястың қалжыраған күйін көргенде, Ехоба не сезінді және біз қамқор Құдайымыз Ехобаға қалай еліктей аламыз? (Пат. 1-ж. 19:7, 8). [3 там., w14 15.6. 27-б., 15, 16-абз.]
Ахаб патша қандай бұрыс көзқарас танытты және мәсіхшілер қандай көзқарастан аулақ болулары керек? [10 там., lv 164, 165-б., қоршау; w14 1.2. 14-б., 3, 4-абз.]
Еліше пайғамбардың Ілиясқа білдірген өтінішінен біз не нәрсеге үйрене аламыз және бұл бізге жаңа қызметке тағайындалғанда қалай көмектеседі? (Пат. 2-ж. 2:9, 10). [17 там., w03-U 1.11. 31-б., 5, 6-абз.]
Патшалар 2-жазба 5:1—3 тармақтарда жазылған кішкентай исраилдік қыздың сенімі мен батылдығына жастар қалай еліктей алады? [24 там., w12 15.2. 12, 13-б., 11-абз.]
Соңғы күндері өмір сүріп жатқан Ехобаның барлық қызметшілері Иқудың қандай қасиетіне еліктеуге тырысулары қажет? (Пат. 2-ж. 10:16). [31 там., w11 15.11. 5-б., 4-абз.]