“Осы сөздер жүрегіңнен орын алсын”
Ата-аналарды қой бағушыларға теңеуге болады. Өйткені аңқау және әлсіз балаларына олар да қамқорлық жасаулары керек (Нақ. с. 27:23). Бұл міндетті қалай атқара алады? Балаларының ойы мен жүрегінде не барын білу үшін, олармен күн сайын әңгімелесуілері керек (Нақ. с. 20:5). Сонымен қатар ата-ана бала жүрегінде сенім қамалын отқа төзімді заттардан соға алады (Қор. 1-х. 3:10—15). “Осы сөздер жүрегіңнен орын алсын” атты бейнефильм отбасылық ғибадаттың маңыздылығын көрсетеді. Бұл бейнефильмді отбасыңмен бірге көріп, төмендегі сұрақтардың көмегімен талқылаңдар.
1) Томас Роуменнің отбасы неліктен рухани бағыттан ауытқып кетті? 2) Томас бауырластың отбасылық ғибадат өткізудегі алғашқы әрекеттері неге сәтсіз болды? 3) Киелі кітаптың қандай принципі бала тәрбиесінде нәтижелі болуға көмектеседі? (Мұс. 5-ж. 6:6, 7). 4) Отбасындағы пікір алысу ненің арқасында жақсарды? 5) Ата-аналар балалары үшін қандай құрбандыққа бару қажет? 6) Мартин мен Изабель Барроу Томастың отбасына қалай жақсы жағынан әсер етті? (Нақ. с. 27:17). 7) Отбасылық ғибадат сапалы өту үшін, отағасы алдын ала қандай дайындықтар жасауы керек? 8) Отбасының рухани қамы үшін, Томас бауырлас қандай өзгеріс жасады? 9) Отбасылық ғибадатты үзбей өткізу неліктен маңызды? (Ефес. 6:4). 10) Отбасылық ғибадатты өткізуге қатысты қандай тиімді кеңестер берілді? 11) Үлкен ұлы Маркусқа дұрыс нәрсе жасаудың маңыздылығын түсіндіргенде Томас бауырлас қалай сабырлық пен беріктік танытты? (Ерм. 17:9). 12) Джастинмен ара-қатынасына байланысты ата-анасы Ребеккамен қалай ой жүгіртті? (Мар. 12:30; Тім. 2-х. 2:22). 13) Тұрмыс жағдайларын өзгерту керек болғанда, Томас пен Моника Роумендер қалай сенім танытты? (Мат. 6:33). 14) Осы бейнефильм отағалары отбасының рухани күйі үшін қам жасаулары керектігіне қалай баса назар аударды? (Тім. 1-х. 5:8). 15) Отағасы ретінде не істеуге бел будыңдар?
ОТАҒАЛАРЫНЫҢ ҚАПЕРІНЕ: Заманауи бұл сахналық қойылым 2011 жылдың аймақтық конгресінде көрсетілген болатын. Сол жылы отбасылық ғибадат жүргізуге қатысты жақсартуың керек тұстарды байқадың ба? Ал қазір ше? Әлі де жақсарту керек тұстарың болса, отбасыңның мәңгілік игілігін ойлап, дұға ете отырып, өзгерістер жаса (Ефес. 5:15—17).