Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Жаңа жариялаушыларды үйретейік
Бұл неліктен маңызды? Жаңа шәкірттерге Исаның бұйырғандарының “бәрін”, оның ішінде адамдарға шындықты уағыздау бұйрығын да, ұстануды үйрету керек (Мат. 28:19, 20). Зерттеп жүргендердің көбісі теократиялық қызмет мектебінде тәлім алып жүр және отбасына не достарына бейресми уағыздап жүр. Адам алған білімдерін бағалағанда және Ехобаның ізгі хабарды басқалардың да естігенін қалайтынын білгенде, уағыз қызметіне қатысқысы келетінін айтуы мүмкін (Рим. 10:13, 14). Ол шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болған кезде, уағыздауды жақсылап үйретсек, кейін де қажетті рухани қадамдар жасаудан тартынбайтын болады (Лұқа 6:40).
Осы айда былай етіп көр:
Киелі кітапты зерттеген адамың жариялаушы болса, онымен үйме-үй жүріп уағызда, оны уағыздаған адамдарыңа және Киелі кітап зерттеу сабақтарыңа алып бар. Ондай жариялаушы болмаса, тәжірибесі аз жариялаушыға көмектес.