Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2015 жылдың 29 маусымынан басталатын аптада қарастырылады. Жариялаушылар апта сайын мектепке дайындалғанда зерттеу жүргізе алу үшін, әр сұрақтың қасына қай аптада талқыланатыны көрсетілді.
Михал Дәуітке қалай сөйледі және бұдан ерлі-зайыптылардың қандай сабақ алуына болады? (Сам. 2-ж. 6:20—23). [11 мам., w11 1.10. 12-б., 1-абз.]
Ехоба Натанның ғибадатхананы кімнің соғатынына қатысты Дәуітке айтқан хабарын түзеткенде, пайғамбар мұны қалай қабылдады? (Сам. 2-ж. 7:2, 3). [11 мам., w12 15.2. 24-б., 6, 7-абз.]
Неге Натан Дәуітке ауыр күнә жасағанын ашып айта салмай, Самуилдің 2-жазбасы 12:1—7 тармақтарда жазылған астарлы әңгімені айтып берді? Бұл тармақтар жақсы тәлімгер болуымызға қалай көмектеседі? [18 мам., w12 15.2. 24-б., 2, 3-абз.]
Неге Абессалом исраилдіктерді алдауына түсірді және қалай біз өзімізді бүгіндегі “Абессаломдардан” қорғай аламыз? (Сам. 2-ж. 15:6). [25 мам., w12 15.7. 13-б., 7-абз.]
Дәуіт қысылған шақта қалай Ехоба оның қамын жасады және бұдан не нәрсеге үйренуге болады? (Сам. 2-ж. 17:27—29). [1 маус., w08 15.9. 5, 6-б., 15, 16-абз.]
Дәуіттің Иттай деген жатжерлік кісіге деген көзқарасынан не нәрсеге үйренеміз? (Сам. 2-ж. 18:2). [1 маус., w09 15.5. 27-б., 7-абз.]
Егде бауырластардың Барзилайдан қандай үлгі алуларына болады? (Сам. 2-ж. 19:33—35). [8 маус., w07-U 15.7. 15-б., 1, 2-абз.]
Дәуіттің адалдық туралы айтқан сөздері Ехобаның бүгінгі қызметшілеріне қандай сенімділік береді? (Сам. 2-ж. 22:26). [15 маус., w10-U 1.6. 26-б., 6, 7-абз.]
Қалай Натан Құдайға адалдық танытқан және қалай біз оған еліктей аламыз? (Пат. 1-ж. 1:11—14). [22 маус., w12 15.2. 25-б., 1, 4, 5-абз.]
Біз қандай мәселелерде Сүлеймен сияқты жаңсақ ой түзіп, Құдай заңын айналып өтудің жолын іздей бастауымыз мүмкін? (Пат. 1-ж. 3:1). [29 маус., w11 15.12. 10-б., 12—14 абз.]